Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атақты актер, режиссер Джеки Чанмен кездесіп, оған шапан сыйлады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атақты актер, режиссер Джеки Чанмен кездесіп, оған шапан сыйлады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйіп өскен актёрым маған әрдайым көріскенде батасын беріп жол сілтейді. Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымдағы Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім. Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісі осыншалық қарапайым болып жургендігі қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін." - деп жазған қазақстандық әнші.
Tengrinews.kz тілшісі Джеки Чанға сыйланған шапанды қазақстандық дизайнер әрі режиссер, Quraq Korpe брендінің авторы Жаннар Шураеваның тіккенін анықтады.
© instagram.com/kudaibergenov.dimash
Еске салайық, 2017 жылдың ақпанында Димаш Құдайберген Джеки Чанмен Қытайда кездескен болатын.
Желіде Джеки Чан мен Димаш Құдайбергеннің кездесуінде түсірілген видео пайда болды.
"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзив күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!", - деп жазған еді сол кезде әнші.
© instagram.com/kudaibergenov.dimash