Димаш Құдайберген Қытайда атақты актер Джеки Чанмен кездесті

06 Ақпан 2017, 19:44
2
Димаш Құдайберген Қытайда атақты актер Джеки Чанмен кездесті - Джеки Чан мен Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash
Джеки Чан мен Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген Қытайда атақты актер Джеки Чанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісінде хабарлады.

"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, ол өз кезегінде актердің соңғы Kung Fu Yoga кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткенін айтты. Айтуынша, бала кезінен бері келе жатқан сүйікті актері оған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығын бақылайтынын жеткізген.

"Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!", - деп жазды Димаш Құдайберген.


© instagram.com/asharimov

Алпамыс Шаримов, Джеки Чан және Димаш Құдайберген


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Ал Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов әлі де эксклюзив жаңалық болатынын айтады. 

"Бұл суреттің астына не жазарымды да білмей отырмын. "Балалық арманым орындалды" дейін десем жеңілдеу болады, "Я в шоке" десем шоктан та да биік бірдеме... Джекидің жай ғана бір рет бізбен кездесіп емес, әрі қарай достық қарым-қатынаста болатынын айтқым келеді! Ұлы актер - ұлы тұлға! Өз еңбегімен әлемге танылған жан! Нағыз өнер адамы! Тариx!.. Эй қойшы, не десеңдер де бүгін телефоным сөндірулі! Джеки Чанмен таныстым бүгін! Эxеуууу!!! Бұл тек бастамасы ғана... алдағы жаңалықтарға дайын болыңыздар!!! Жуырда эксклюзивті видеороликтер күтіңіздер!!!", - деп жазды Шаримов өз парақшасында әйгілі актермен түскен суретін жариялап.


© instagram.com/asharimov

Еске салайық, Димаш Құдайберген үшінші кезеңде аты аңызға айналған Queen тобының The Show Must Go On әнін орындаған еді. Ал екінші кезеңде Құдайберген есейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай