Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының төртінші кезеңінде 3-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің жақын досы әрі PR-директоры Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының төртінші кезеңінде 3-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің жақын досы әрі PR-директоры Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.
Димаш төртінші кезеңде Гонконг әншісі әрі актері Джеки Чунның "Осенняя печаль" әнін орындады. Айта кетейік, концерт кешкі уақытта тікелей эфирден Hunan TV арнасынан көрсетілді. Сондай-ақ, Алпамыс Шаримовтың айтуынша, 1-орынды Гонконгтың Lion тобы жеңіп алды.
"Бір аптада қытай тілінде ән үйреніп, жаттап, жаңаша өңдеп жарыққа шығару оңай болмады! Десек те, көрерменіме, жанкүйерлеріме ұнады деп ойлаймын!.. Ең бастысы бұл әнді мен жүрегіммен сезінуге тырыстым! Раxмет!", - деп жазды әншінің өзі.
Қытай тілін білетін Желі қолданушыларының көпшілігі Димаштың әнді қытай тілінде тамаша орындап шыққанын айтып жатыр. "Қытайдың әндері француз әндеріне ұқсас", - деп жазып жатыр қолданушылар.
Айта кетейік, Димаш сахнаға танымал брендтердің киімімен шыққан.
Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің Қытайдың атақты шамдар фестивалінде Кенен Әзірбаевтың "Ой жайлау" әнін орындайтыны хабарланған болатын. Айта кетейік, Қытайда атақты шамдар фестивалі (басқаша атауы Юань-Сяо фестивалі) The Chinese Lantern Festival (Yuan Xiao Festival) жыл сайын өтеді. Бұл мерекелік шара Қытай жаңа жылының соңғы күні өтеді екен.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын алған еді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазған еді әншінің өкілі. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін оры