11 ақпан 2017 14:52

Димаш Құдайберген Қытайдың атақты фестивалінде Кенен Әзірбаевтың әнін орындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген. Дайындық кезінде түсірілген сурет Димаш Құдайберген. Дайындық кезінде түсірілген сурет

Димаш Құдайберген Қытайдың атақты шамдар фестивалінде Кенен Әзірбаевтың "Ой жайлау" әнін орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің жақын досы, PR-менеджері Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, Кенен Әзірбаевтың бұл әні Қытайда үлкен сахнада бүгін тұңғыш рет орындалып, Hunan TV телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі.


Димаш Құдайберген Қытайдың атақты шамдар фестивалінде Кенен Әзірбаевтың "Ой жайлау" әнін орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің жақын досы, PR-менеджері Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, Кенен Әзірбаевтың бұл әні Қытайда үлкен сахнада бүгін тұңғыш рет орындалып, Hunan TV телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі.

"Фестиваль тікелей эфирде 19:30-да көрсетіле бастайды, ал Димаш шамамен 20:30-21:00-де эфирге шығады",  деді Шаримов. Әншінің фестивальге дайындығы түсірілген видеоны жақын досы, PR-менеджері Алпамыс Шаримов жолдап отыр.

Айта кетейік, Қытайда атақты шамдар фестивалі (басқаша атауы Юань-Сяо фестивалі) The Chinese Lantern Festival (Yuan Xiao Festival) жыл сайын өтеді. Бұл мерекелік шара Қытай жаңа жылының соңғы күні өтеді екен.

Кенен Әзірбаевтың бұл әнін елімізде Саят Медеуов, Нұрлан Албандар орындап жүр.

Сонымен қатар, Кенен Әзірбаевтың әнін Қазақстанның халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова да орындаған.

 

Айта кетейік, Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткен Кененқызы осының алдында әкесінің әндерін орындайтын жастарға еңбектену керек екенін ескерткен болатын. "Ендігі бір айтайын дегенім, қадірменді жас өнерпаздар, халық алдына шығып, діттеген бір әніңді орындар алдында даярлық сатысынан өтулерің керек. Орындаймын деп жүрген әндерің кімдікі екенін анықтап алып, тарихымен танысып, күйтабағы (дискісі) болса тыңдап, нотасы болса, оған да көз жүгіртіп, біраз еңбектенгендеріңіз дұрыс. Сонда ғана әншінің орындауынан шынайылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, сезінер едік. Өлеңін біреуден жазып алып, әнін шала-шарпы салып, домбыраны оңды-солды безілдетіп, жөн-жосықсыз дауыс ырғағын бұзып, ағызып шыққанға мәз болуға бола ма? Талғамы мол өнерсүйер қауым ненің не екенін біледі. "Әу" дегеннің бәрі бірдей халықтың сүйікті әншісі бола бермейтіні де сондықтан. Әрине, даусың да, орындау шеберлігің де дәл сол автордыкіндей болсын деу - қателік. Оның өзі қайталау болар еді. Алайда, түпнұсқасын сақтауға, өлеңін дәл жеткізуге тырысу - үлкен парасаттылық. Ата-баба алдындағы парыз екенін ұмытпаған ләзім", - деген еді ҚР Мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызы сұхбаттарының бірінде.

Кенен Әзірбаев - қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор. Қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Кенен Әзірбаев айтыс жанрына ерте араласып, Шалипа, Ләтипа, Кенеқожа, Әбдіғали, Бопипа, Есдәулет ақындармен айтысқан. Екі мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте "Құрмет Белгісі" ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Еске сала кетейік, бүгін отандасымыз I am a Singer байқауының байқауының төртінші кезеңіне қатысады. Осыған дейін Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын алған еді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазған еді әншінің өкілі. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети