Димаш Құдайберген Лара Фабианның Adagio әнін орындады - ВИДЕО

25 Ақпан 2017, 20:23
0
Димаш Құдайберген Лара Фабианның Adagio әнін орындады - ВИДЕО - Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауының алтыншы кезеңінде әйгілі әнші Лара Фабианның Adagio әнін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық әнші бұл конкурста осымен үшінші рет бірінші орын алып отыр.


Суреттер: Tengrinews.kz Алпамыс Шаримов

Youtube желісінде әншінің алтыншы кезеңдегі ән орындап, сахнадан шыққаннан кейінгі видеосы пайда болды. Видеода әнші терең тыныс алып, сахнадан кейінгі әсерін жанкүйерлерімен бөліседі.

Айта кетейік, осыған дейін Лара Фабиан қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болғанын айтқан еді. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеген. Атақты әншінің композиторы Флабиеннің Ларамен WhatsApp арқылы тілдесуін Шаримов Желіге жүктеген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай