08 желтоқсан 2019 10:10

Димаш Құдайберген Ресейде жыл әншісі атанды

Камила Долаева Журналист
Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Ресейде "Жылдың ең үздік әншісі" атағына ие болды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Ресейде "Жылдың ең үздік әншісі" атағына ие болды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін "Жыл әні" сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рақмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша қазақстандықтардың және барлық #dears-тардың құрметіне арнадым", - деп жазған Димаш Құдайберген.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) 7 Дек 2019 в 12:30 PST

Еске салсақ, бұған дейін Димаш ресейлік "Виктория" музыкалық сыйлығында "Жыл ашылуы" және "Классикалық музыка орындауда жыл вокалшысы" номинациялары бойынша марапатқа ие болған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram