14 наурыз 2019 08:57

Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған болатын.

Әнші осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған. Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен cайысқа түскісі келмейді.

Осылайша, енді осы байқаудың финалына қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қатысады.

Димаш The World's Best байқауынан кетті ме? Желіде түсініксіз видео жарияланды

The World's Вest - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сондай - ақ, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети