Димаш Құдайберген түскен суреттің жасырын мағынасы ашылды

28 Наурыз 2017, 09:29
0
Димаш Құдайберген түскен суреттің жасырын мағынасы ашылды - Димаш Құдайберген мен продюсері Алпамыс Шаримов. © Instagram.com
Димаш Құдайберген мен продюсері Алпамыс Шаримов. © Instagram.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі продюсері әншінің Top Chinese Music Awards марапаттау рәсіміндегі суретінің жасырын мағынасын айтып берді. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Кім байқады!? Әдейі емес бұл сурет - кездейсоқ түсірілген сурет! Басылымдарға да жария болған сурет!!! Осындай премиялардың жүзін көрдім, мықтылардың мықтысы саxнаға шығып қуанған сәтте ұтқан жүлдесін (статуэтка) сыйлығын биікке көтеретін еді... Біздің Димаштың оң қолындағы микрофоны одан да биік тұр!!! Қуанғаннан мүмкін тым философ болып кеткен шығармын, бәлкім! Бірақ, сол қолындағы жүрек тұсындағы марапаты, оң қолындағы биікке көтерілген микрофоны болмаса келмес те еді... Алланың құдіреті дер ем бұл суретті! Бұл белгі... Қаншама қуағанымен ненің қадірі биік екенін ұмытпауымыз керек дегендей сыр кешеді бұл сурет!", - деп жазды Алпамыс Шаримов.

© Instagram.com/asharimov

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасында "Азияның ең танымал әншісі" атанған болатын. Шанхайда өтіп жатқан шараның марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген SOS d'un terrien en détresse әнін орындады. Бұл әнді қазақстандық әнші I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған болатын. Шараға қатысу үшін әншінің әкесі Қытайға арнайы барған екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай