01 ақпан 2021 08:41

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

DimashAli шығармышылық орталығы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Golden әніне бейнебаянын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


DimashAli шығармышылық орталығы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Golden әніне бейнебаянын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Golden композициясы тыңдармандар үшін әншінің шығармашылық жолындағы ерекше, жаңа форматта ұсынылатыны хабарланған.

Бейнебаян сюжеті бойынша Димаш Құдайберген сүйіктісімен қаруланған ер адамдардан қашады. Қыз жарақат алады, Димаш оны дәрігерге алып бара жатады.

Кейін Димаш адамдарға таратып беру үшін біреуден ақша ұрлап қашқаны белгілі болады.

Ер адам оған жауап ретінде Димаштың қызын ұрлайды. Ол қызын құтқару үшін жалғыз барады. Сол сәтте ондаған адам оған көмекке келеді. 

Айта кетейік, Golden әнін Spotify, Amazon Music, iTunes, YouTube Music, Deezer, Yandex және тағы басқа музыкалық стриминг платформаларынан тыңдауға және сатып алуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети