01 қазан 2020 10:01

Димаш Құдайбергеннің қазақша әні MTV USA эфиріне шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қазақша әні MTV USA эфиріне шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.


Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қазақша әні MTV USA эфиріне шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, MTV USA эфирінде алғаш рет қазак тілінде бейнебаян көрсетіледі. Ал Димаш Құдайберген бұл телеарнада өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық әнші болмақ.

Видеоны MTV USA арнасынан және MTV телеарнасының YouTube-тегі ресми парақшасынан көруге болады.

"Мен әлемдегі барлык тыңдарманыма осыны жүзеге асыруға көмектескені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Менің Қазақстандағы ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен Dears-тің қолдауының арқасында бала күнгі арманым жүзеге асып отыр. Мен өте қуаныштымын және сіздерге шексіз алғысымды білдіремін", - деді Димаш.

Айта кетейік, видеоны 2 қазанда, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Нью-Йорк уақыты бойынша (Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 03.00-ден 06.00-ге дейін) жарияланады. Бұл АҚШ-та прайм-тайм уақыты болып саналады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети