18 мамыр 2020 11:02

Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One ("Біз бірміз") әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One ("Біз бірміз") әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексін жинады және солайша алтын сертификацияны алды.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.

"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19 жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған", - деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

A very nice present for my upcoming birthday. My new single, "We are one," reached 100 million on the QQ music Chinese platform. Thank you to all my fans for supporting my work. I love you.

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети