Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді Ержан Максим. Фото ©Tengrinews.kz

Қазақстандық әнші Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылдың 28 маусымында "Қазақстан" орталық концерт залында талантты жұлдыз Ержан Максимнің концерті өтеді. Ұйымдастырушы - Мәдениет және спорт министрлігі", - деп хабарланды министрліктің брифингі барысында.

Сондай-ақ, концертте Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ринат Гайсин және Айқын Төлепбергеннің өнер көрсететіні белгілі болды.

Мұның алдында продюсер Игорь Крутойдың Ержан Максимді музыкалық академиясына оқуға шақырғаны хабарланған еді.

Оралдық 11 жастағы Ержан Максимнің "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленген болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Алла Пугачева менің әлем жұлдызы болғанымды түсінде көріпті - Ержан Максим

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети