Игорь Крутой Ержан Максимді академиясына оқуға шақырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/maksim_erjan © instagram.com/maksim_erjan

Атақты композитор, продюсер Игорь Крутой "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленген Ержан Максимді музыкалық академиясына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атақты композитор, продюсер Игорь Крутой "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленген Ержан Максимді музыкалық академиясына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ержан Максим Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, енді күзден бастап сол академияда оқуын бастайды.

"Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол", - деп жазды оралдық 11 жастағы Ержан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✨ЕРЖАН МАКСИМ (@maksim_erjan)

Еске салайық, мұның алдында 11 жастағы оралдық Ержан Максимнің "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленгені хабарланған болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Алла Пугачева менің әлем жұлдызы болғанымды түсінде көріпті - Ержан Максим

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer