Ерке Есмаханға "Алло" әнін айтуға тыйым салынды

18 Қараша 2017, 10:36
0
Ерке Есмаханға "Алло" әнін айтуға тыйым салынды -

Әнші Ерке Есмаханға "Алло" әнін айтуға тыйым салынды. Бұл туралы әнші Gakku телеарнасындағы бағдарламада айтты.

"Қазір бұл ән менің репертуарымда жоқ. "Алло" әнінің авторымен сөйлестім. Автор ол әнді басқа орындаушыларға - қыз бен жігітке сатып жібергенін, яғни, енді менің бұл өлеңді орындай алмайтынымды айтты. Сондықтан "Алло" әнін енді орындай алмаймын. Бірақ Төреғали оны басқа әнші қыздармен айтып жүр", - деді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ, Ерке Есмахан продюсер Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасы жайлы айтып берді. Айтуынша, Есмахан осымен бір жыл уақыт өзі жұмыс істеп жүр.

"Баян Мақсатқызынан кету қиын болды. Көп ойландым. Жарты жыл соған дайындалдым. Айта алмай жүрдім, көңіл-күйіне қарадым, айтуға қорықтым. Оны да ренжіткім келмеді, себебі ол маған көп нәрсе жасады. Сатып кеткен адам болғым келген жоқ. Бірақ, менің ойымша, мен өстім, Баянның мектебі жақсы, ол өнерде қаншама адамға көмектесті. Бірақ өзім жұмыс істеп көргім келді. Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызы қарсы болған жоқ, олар түсіністікпен қарады. Ешқандай кедергі болған жоқ. Жаман ештеңе айтқан жоқ. Мені жіберді. Қазір менде барлығы жақсы", - дейді әнші.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай