Фонограммаға тыйым салынса, әншілер қалай күн көреді?

16 Қыркүйек, 10:30
0
Фонограммаға тыйым салынса, әншілер қалай күн көреді? -

Бүгінде әншілердің барлығы дерлік концерттерін фонограммамен өткізеді. Мұны тыңдарман да жақсы біледі. Дегенмен қарсылық болмағасын, сахнада жүргендер жанды дауыс дегенді бірте-бірте ұмытып бара жатқан сияқты. Өнертанушылар, тіпті, кімнің шын талант екенін ажырата алмайтын халге жеткенін айтады. Содан болса керек, Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова "өнер таза болуы шарт" деп халық еркелеріне фонограмманы қолдануға тыйым салатын заң қабылдаймыз деп кесіп айтты. Бұған қатысты әншілердің өздері не ойлайды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Ұят, фонограммамен ұсталды, масқара, жанды дауыста айта алмады". Өкінішті, бірақ бүгінде желіге кірсең, осындай сыннан көз сүрінеді. Тіпті, көбі бұған көндігіп кеткен. Алайда, биыл ғана мәдениет саласын басқаруға келген Ақтоты Райымқұлова "тыңдарманын алдап жүрген мұндай әншілерден сахнаны тазарту керек" деп кесіп атты. Ал бұған қатысты әншілердің өздері не дейді?.

"Шектеу қойылу керек. Себебі, қазір тіпті кішкентай 100-200 адамдық залдардың өзінде де фонограммамен айтатын бізде әншілер көбейді. Ол, меніңше, өте ұят нәрсе. Халықты бұл алдау. Біз мұндайды бұрын ойланбайтынбыз. Жанды дауыс деп жазып қойған кезде, біз алғашқыда күлетінбіз, сонда жансыз дауыс қандай болады деп", - дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова. 

Тойда да, сахнада да фонограмманың арқасында шырқап жүргендер министрдің бұл ұсынысын құптай қоймайды . Тіпті "акустика нашар, аппаратура мен микрофон жаман, жанды дауыста шырқауға еш жағдай жасалмаған" деп ақталумен болды көбісі. Бірақ...

"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды" деп жұрттың жүрегіне жол тапқан Марат Омаров сахнада жүрген 30 жылда фонограмма дегенді мүлдем қолданып көрмегенін айтады. 

"Мен өзім кішкентай жасымнан бастап жанды дауыста айтқанды жақсы көрем. Барлық аспаптарда, солай өскенбіз, солай тәрбиеленгенбіз. Өйткені, жанды дауыста айту деген ол 62 тамырыңды шымырлатып, бұл үлкен энергетика. Үлкен позитив қалай болғанда да", - дейді, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Марат Омаров. 

Алайда бұл тек бер жағы екен. Өнерлерін жанды дауыста көрсеткен кей әншілерді тыңдаған соң, фонограммамен айтқандары дұрыс болар еді деген ойға қаласың.

"Сен қасымда болшы мәңгі алтын, мәнсіз менде бақыт жақын..."
"Кел сырласайық, кел сырласайық, қосылған солай көнеміз"
"Бүгін сенің туған күні."

Мұндай құттықтаудан кейін не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Ал кей әншілер фонограммаға сеніп кеткендері соншалық, микрафонды теріс ұстап та шырқай береді.

"Бізді өсірмей жатқан көп жағдайда осы фонограмма. Себебі, өздеріңіз білесіздер ол компьютердің күшіменен дауыс өңделеді. Кейбір жерлерін түзейді. Сосын кейін 10 жылға дейін соны қояды да, өзі өтірік аузын ашып тұра береді көп әншілеріміз. Бұл нағыз таланттылардың жолын байлайды"", - дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова. 

Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қытай мен АҚШ. Әзірге фонограммадан бас тартқан елдер осы ғана. Жақын уақытта Украина мен Ресей де мұндай заңды қабылдамақшы. Олардың қатарына Қазақстанның қашан қосылары әзірге белгісіз. Өнертанушылар, тиісті заң қабылданса тыңдарманын алдап жүрген әншісымақтар орнын босатып, талантты жастардың жолы ашылар еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай