26 қыркүйек 2014 10:00

Глеб Самойлов "На Вершине Тенгри" концертінде өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Глеб Самойлов. ©vk.com Глеб Самойлов. ©vk.com

Алматыға "Агата Кристи" тобының бұрынғы мүшесі Глеб Самойлов келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыға "Агата Кристи" тобының бұрынғы мүшесі Глеб Самойлов келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 28 қыркүйек күні Event City Hall клубында Tengri FM ұлттық радиостанциясы ұйымдастырған "На Вершине Тенгри" жобасының алтыншы маусымы аясында өнер көрсетеді. Бұл күні оның қазіргі The Matrix тобының ғана емес, аты аңызға айналған "Агата Кристи" тобындағы әндері де орындалады. Глеб Самойлов шараның қонағы болса, бұл күні одан басқа, "На Вершине Тенгри" жобасының қатысушылары да өнер көрсетеді. Қатысушыларды қазылар алқасы үш апта бойы іріктеді. Олардың қатарында IFLY, "Алатау Джем" және Hadn't tea бар. Музыканттар акустикалық бағдарламаларын ұсынады.

Өткен демалыс күндері болған "На Вершине Тенгри" жобасы концерті туралы ой бөліскен iFLY вокалисі Ксения Сухомазова: "Біз қатысқан электроника мен гитара кеші тамаша өтті. Зал бізбен бірге билеп, бізбен бірге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән айтты. Глеб Самойловпен бірге концертте жаңа акустикалық шығармалар орындау - біз үшін өте қызықты ұсыныс. Біз "Агата Кристи" тобының қарапайым эстетикаға, гитараның шынайы үніне үндейтін, жұмсақ электронды астары бар әуендерін тыңдап көргіміз келеді. Біз Tengri FM-мен бірге алматылықтарға тағы бір ерекше кеш сыйлайтынымызға қуаныштымыз", - дейді.

"Алатау Джем" тобының мүшесі Марина Попова мұндай фестиваль Қазақстан рок-топтарын ынталандыратынын айтады. "Мен барлық үш концертте болдым. Топтардың деңгейі, әрине, әртүрлі. Дегенмен фестивальдің осы деңгейі жаман емес. Мен Hadn't tea, "Мой Любимый Sputnik" және Hard Box топтарының өнеріне қуандым. Біріншісінің өнері жан-жақты, әсерлі, сауатты, екіншісінікі - қызықты, тартымды, қарқынды ырғақтар, үшіншісі - өз ортасына лайық, стилистикасы орнықты музыка. Бұл музыканттардан көп нәрсе үйренуге болады. Ең бастысы - осы. Тұтас алғанда, шара барлық бағыт бойынша алға жүруге серпін береді. Іннен шығып, жаңа үрдістерді үйрену керек. Мен, мысалы, біздің олдскул дыбыстауымызға сәл-пәл электроника араластырып көргім келіп кетті. Маған бұл идея ұнады. Бұған қоса, өнерімізді сырттай безендіруге көңіл бөлу керектігін түсіндім. Ал алдағы концерт, тіпті, жаңа әндер жазуға итермелеп отыр. "Алатау Джем" тобынан барлық қатысушыларға жақсы дыбыс, драйв пен сәттілік, ал көрермендерге тамаша көңіл көтеруді тілеймін!" - деді ол.

Еске сала кетейік, күз бойы Алматыға Қазақстанның әр аймағынан түрлі рок-топтар жиналатын болады. "На Вершине Тенгри" концерттері бірнеше сессиямен өтеді. Апта сайын музыканттар Event City Hall клубында өз шығармашылығын ұсынады. Концерттерді қазылар алқасы қарап, ай мен сессияның соңында финалдық концертке топтарды іріктейді. Финалистер жоба хедлайнерлерімен бір сахнада өнер көрсетеді. 28 қыркүйек күні өтетін қыркүйек сессиясының хедлайнері - Глеб Самойлов. Концерт 19.00-де басталады, құны - 4000 теңге.

Самойлов - рок-музыкада культке айналған тұлға. "Агата Кристи" тобы ыдырағаннан бір жылдан кейін 2010 жылдың қаңтар айында Глеб жаңа жобаның негізін қалады, ол "Глеб Самойлов & The Matrixx" деп аталады. Жаңа топтың үш альбомы бар: "Прекрасное жестоко", "Трэш" және "Живые, но Мертвые".

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети