10 қазан 2014 11:02

"Субкультура", Flash Set пен LampЫ Orchestra "На вершине Тенгри" концертінде өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

LampЫ Orchestra тобы LampЫ Orchestra тобы

"На вершине Тенгри" жобасының қазан сессиясының кезекті кезеңі 11 қазанда Қазыбек би, 20, Қалдаяқов көшесінің қиылысы (бұрынғы Cinemabar) мекенжайында орналасқан Event City Hall-да болады. Жартылай финалға шығып, "Крематорий" тобымен бір сахнада ән айту мүмкіндігіне "Субкультура" (Өскемен), Flash Set (Семей) және LampЫ Orchestra (Алматы) топтары таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"На вершине Тенгри" жобасының қазан сессиясының кезекті кезеңі 11 қазанда Қазыбек би, 20, Қалдаяқов көшесінің қиылысы (бұрынғы Cinemabar) мекенжайында орналасқан Event City Hall-да болады. Жартылай финалға шығып, "Крематорий" тобымен бір сахнада ән айту мүмкіндігіне "Субкультура" (Өскемен), Flash Set (Семей) және LampЫ Orchestra (Алматы) топтары таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Flash Set тобының мүшелері сенбі күні болатын өнер көрсету кезінде екі жаңа композияцияның таныстырылымы болатынын айтты, бұл әндерге соңында бейнебаян түсіріледі. "Tengri FM-ке көп рақметімді айтқым келеді. Музыканттардың аса ауыр жолында оларды қолдайтын - тек сіздер ғана. LIVE орындау өткізу идеясы керемет. Бұл музыканттарға жақсы ынта береді. Бұл өз қаласындағы қарапайым концерт емес, мегаполис көрермендерінің алдында болатын маңызды өнер көрсету, мұнда қатысушылардың жаңа аудиторияны сезініп, бәріне өз шығармашылығын таныстыра алатын мүмкіндік", - дейді ұжым фронтмені Антон Вайзгейм.

Сол шақта "Субкультура" тобы көрерменге керемет әсер сыйлауға уәде берді. "Мұндай жобалар әрқашан бір жерге жинайды да рахатты сезінуге ынтызар етеді". Бірақ рокта жеңімпаз болмайды, бәрі ұтады - әсіресе тыңдармандар. Отты концерт болады деп ойлаймыз. Мұндай жобалар дәстүрлі түрде өтіп тұрғанын қалаймын", - дейді ұжым көшбасшысы Евгени Ковтун. 

Еске сала кетсек, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының қазан сессиясындағы жартылай финалға алғаш болып, Paradox тобы өтті. Бұл топқа тағы да екі концерттің жеңімпаздары қосылады. Әр айдың жеңімпаздары "На вершине Тенгри" жобасының ақтық сынына жолдама алады. Осы жылдың желтоқсан айында үлкен қорытынды концерт болады. Концертте нағыз жеңімпаз анықталады, ол 2015 жылы Ресейде өтетін рок-музыканттардың байқауына "На вершине Тенгри" атынан қатысады. Сондай-ақ жобаның ұйымдастырушылары мен серіктестері басқа да үздік қатысушыларға сый-сияпат әзірлеп отыр. Музыкалық коллективтердің бірі кәсіби студияда тегін ән жазуға мүмкіндік алады.

"На вершине Тенгри" байқауы - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылдан бастап ұйымдастырып келеді, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети