Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"На вершине Тенгри": келесі концертте төрт топ бәсекелеседі

17 Қазан 2014, 10:13
0
ANISSA
ANISSA
ANISSA
ANISSA
ALTA
ALTA

Tengri FM радиостанциясының "На вершине Тенгри" жобасының қазан сессиясындағы кезекті концертте "КуКумбер", "Кальман", ANISSA және ALTA ұжымдары өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үшінші жартылай финалист анықталатын концерт 18 қазан күні сағат 20.00-де Қазыбек би көшесі, 20-үй, Қалдаяқов көшесінің қиылысындағы Event City Hall залында (бұрынғы Cinemabar) өтеді.

"КуКумбер" тобының гитарисі Олег Ходыкин LIVE-концерттер өткізу идеясы бүгінде өте өзекті екенін айтты. "Қазіргі кезде біз музыканттар монитор алдында отырып тұтас альбом жаза алатын заманда өмір сүріп жатырмыз, қазіргі кезде дұрыс ән айта білу мен дұрыс ойнай білу міндетті емес болып кетті. Бұл орайда осы индустрияның келешегі жанды топтар мен концерттерде деп есептейміз. Tenrgi FM командасының табиғи іріктеу жасау туралы шешімі өте дұрыс, бұл жағдайда жеңімпазды іріктеу қиын, бірақ қазылар әділ болған кезде оны анықтауға болады", - деді ол.

ALTA ұжымының музыканты Максим Гарде "На вершине Тенгри" концертінде таулар туралы әнді орындағанын айтты. "Біз үшін бұл жобаға қатысу - басты оқиға. Біздің қазіргі сезімдеріміз тау шыңында тұрып, биіктіктен рухтанған адамдікіне ұқсас. Репертуарымызда таулар тақырыбына арналған бірнеше ән бар. Оған таңғалуға болмайды, біз таулы өлкеде тұрамыз", - деді ол.

ANISSA тобының солисі Аниса Шевелеваның айтуынша, мұндай жанды концерттер музыканттарға өзін сахнада шыңдауға ғана емес, сахна сыртында өзара қарым-қатынас жасауға, жаңа бағыттар жайлы талқылауға да мүмкіндік береді. "Маған әрқашан топ болып, өзге де топтармен бірігіп өнер көрсеткен ұнайды. Музыканттар арасынан достар табасың, музыка жайлы пікір алмасасың. Ой-сезімі жағынан жақын адамдарды табасың", - дейді музыкант қыз.

"Кальман" тобының гитарисі Влад Крапивко "На вершине Тенгри" жобасы Қазақстанның рок-командалары үшін мықты серпін екенін айтты. "Бұл - адамдарға өз шығармашылығыңды көрсетудің тамаша мүмкіндігі, өйткені елімізде рок-музыканың дамуы үшін жасалатын жағдайлар аз", - деді ол.

Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымындағы қазан сессиясының жартылай финалына бұған дейін Paradox және LampЫ Orchestra топтары өткен еді. Үш жартылай финалист 25 қазан күні "Крематорий" тобымен бір сахнада өнер көрсететін болады. Қараша айында тағы жаңа сессия басталады, оның қорытындысы бойынша да жеңімпаздар іріктеледі. Ақыры желтоқсан айында "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы Алматыда үлкен концертпен қорытындыланады. Онда жоба жеңімпазы анықталады, ол 2015 жылдың жазында Ресейде өтетін рок-фестивальге "На вершине Тенгри" жобасының атынан қатысады. 

"На вершине Тенгри" байқауы - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылдан бастап ұйымдастырып келеді, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай