Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"На вершине Тенгри" финалы үшін үш топ бақ сынайды

23 Қазан 2014, 15:22
0
Концерт афишасы
Концерт афишасы

"На вершине Тенгри" жобасының екінші жартылай финалында бұған дейінгі кезеңдерде іріктелген Paradox, "КуКумбер" және LampЫ Orchestra топтары бақ сынасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қазан күні Event City Hall (бұрынғы Cinemabar) сахнасында музыканттар өз шеберлігін көрсетеді, қазылар алқасы бір жеңімпазды іріктейді, ол финалда үздік ұжым атағы үшін бәсекелесетін болады. Жобаның VI маусымының жеңімпазы 2015 жылдың жазында Ресейде өтетін музыкалық рок-фестивальге "На вершине Тенгри" жобасының атынан қатысады.

Айта кетейік, жартылай финалда рок-топтар маусымның екінші хедлайнері - "Крематорий" тобымен бір сахнада өнер көрсетеді. Ресейдің атақты тобының репертуары өзіндік әуендерімен, бейнелі мәтіндерімен, биік талғамымен ерекшеленеді. Оның музыкасы рок-әлеміндегі бірегей болмыс саналады. Музыканттар Алматыда бұрынғы және су жаңа композицияларын орындайды. Көрермендер "Эльза", "Таня", "Мусорный ветер", "Кондратий", "Маленькая девочка", "Катманду", тағы басқа әндерді де тыңдай алады.

"Крематорийдің" концертінде болған адам бұл ұжымның рок табынушылары арасында не себепті жоғары құрметке ие екенін түсінеді. Топ әндерінің жазба нұсқаларының қайсысы да жанды дауыстағы орындаудың қуатын, музыканттардың сахнадағы күш-жігерін, топ жетекшісі, ақын, композитор Армен Григоряннің жұмбақ дауысын жеткізе алмайды", - дейді ресейлік топтың өкілі.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйек сессиясының финалдық концерті өткен еді. Ресейлік "Агата Кристи" тобының бұрынғы фронтмені, қазіргі The Matrixx тобының жетекшісі Глеб Самойловпен бір сахнада қазақстандық iFly, "Алатау Jam" және Hadn't tea топтары өнер көрсетті. Олар акустикалық кеш ұсынды. Сессия жеңімпазы Hadn't tea желтоқсан айында өтетін финалға жолдама алды. Сонымен бірге, жоба әріптесі - APM music Land музыкалық аспаптар дүкенінің сыйлығы - 100 мың теңгені иеленді.

"На вершине Tенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылы қолға алды, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай