06 қаңтар 2021 10:20

"Грэмми" премиясы коронавирус пандемиясына байланысты наурызға ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Грэмми-2021" музыкалық премиясының марапаттау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты 31 қаңтардан 14 наурызға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушылардың ресми сайтына сілтеме жасап. 


"Грэмми-2021" музыкалық премиясының марапаттау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты 31 қаңтардан 14 наурызға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушылардың ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Денсаулық сақтау саласындағы мамандармен, жүргізушілермен және өнерпаздармен сөйлесіп, 63-ші марапаттау рәсімін 2021 жылдың 14 наурызына ауыстыру туралы келісімге келдік", - делінген хабарламада.   

Ұйымдастырушылар "музыкалық қауымдастық пен шоуды жасау үшін аянбай еңбек ететін жүздеген адамның" денсаулығы мен қауіпсіздігінен маңызды ештеңе жоғын атап өтті және барлығына түсіністік танытқандары үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses SAINt JHN композициясы "Грэмми" (Grammy) сыйлығына ұсынылды. Осылайша Иманбек "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ол бастапқыда сенбегенін және қатты таңғалғанын айтқан еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Recording Academy / GRAMMYs (@recordingacademy)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети