15 наурыз 2021 11:28

Иманбек Grammy-дегі жеңісінен кейін қуырдақ жасайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Иманбек Зейкенов "Грэммидегі" жеңісінен кейін Energy FM радиостанциясына тікелей эфирде сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол радиожүргізушіге бірінші кезекте өзі туған Ақсуға барып, туыстарымен жеңісті тойлайтынын айтты.


Иманбек Зейкенов "Грэммидегі" жеңісінен кейін Energy FM радиостанциясына тікелей эфирде сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол радиожүргізушіге бірінші кезекте өзі туған Ақсуға барып, туыстарымен жеңісті тойлайтынын айтты.

"Әлі күнге дейін ой жиналған жоқ. Аралас эмоциялар мен сезімдер. Тек "уау". Бәрі кенеттен болды. Бастапқыда бізге рәсім уақыты айтылды, бірақ ол екі сағат бұрын өтетін болды. Кеңсеге бардық. Камераны қосып, тексердік. Күттік. (...) Жақындарымнан бірінші болып сүйіктім құттықтады. Содан кейін анама хабарластым", - деді Иманбек.

"Жеңісті қалай атап өтесің?" деген сұраққа жігіт бірден туған қаласына баратынын айтты.

"Бізде соғым сою дейтін дәстүр бар. Жылқы сойып, жақындарыммен бірге қуырдақ жасаймыз. Бір үстелге жиналып, тойлаймыз", - деді ол.

"Грэмми" басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, оның нұсқасында Roses трегі хитке айналды және 20 аптадан аса уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-те топ-10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам қаралды, ұзақ уақыт бойы "Яндекс. Музыка" чартында бірінші орынға ие болды. 

Трек бірнеше чартта, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда көш бастап, The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сияқты әртістерден озық болды.

Танымал атанғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети