Иманбек Зейкенов Roses ремиксімен "Грэмми" жүлдесін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек Зейкенов Roses ремиксімен "Грэмми" жүлдесін жеңіп алды Видео кадры: Recording Academy / GRAMMYs

Қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен "Грэмми" (Grammy) жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен "Грэмми" (Grammy) жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Грэмми" басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек жеңімпаз атанды.

"Анама, әкеме, командама, менеджерім Кириллге рақмет. "Грэммиге" рақмет", - деді Иманбек Зейкенов 2021 жылғы "Үздік ремикс" аталымы бойынша жеңімпаз жарияланғаннан кейін.

Айта кетейік, оның нұсқасында Roses трегі хитке айналды және 20 аптадан аса уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-те топ-10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам қаралды, ұзақ уақыт бойы "Яндекс. Музыка" чартында бірінші орынға ие болды. 

Трек бірнеше чартта, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда көш бастап, The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сияқты әртістерден озық болды.

Танымал атанғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.

Ал Roses SAINt JHN’s түпнұсқасының орындаушысы 2016 жылы шыққан трек танымал бола кеткеніне таңғалмағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети