"30 Grammy аламын". Иманбек "Вечерний Ургантта" қонақта болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
1tv.ru видеосының кадры 1tv.ru видеосының кадры

"Грэмми" сыйлығының иегері, қазақстандық Иманбек Зейкенов "Вечерний Ургант" бағдарламасында қонақ болып, өзі және жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Грэмми" сыйлығының иегері, қазақстандық Иманбек Зейкенов "Вечерний Ургант" бағдарламасында қонақ болып, өзі және жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Грэмми" алғаннан кейін ұйықтадым. Ол кез Қазақстанда таңғы уақыт болатын. Оянғанымда, телефоныма 90-ға жуық қоңырау болыпты. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Президенті де болған шығар. Таңертең Instagram-да отырсам, Мемлекет басшысы мені құттықтағаны туралы жаңалықтар шықты, қатты таңғалдым", - деді ол.

Иманбек туған қаласы Павлодар облысы туралы Ақсу туралы айтты. Оның сөзінше, онда 70 мыңға жуық адам тұрады. Ол бұл әлемдегі басты ферроқорытпа зауыттарының бірі орналасқан металлургтер қаласы екенін ерекше атап өтті. "Скриптонит Ленинскийде тұрған кезде біздің арамыз 15 минуттық жол ғана болды", - деп жауап берді ол Урганттың сұрағына.

Иманбек SAINt JHN-дің Roses ремиксін жасауға екі жарым сағаттай уақыт жұмсағанын айтты. Сондай-ақ, SAINt JHN оны жеңісімен құттықтағанын атап өтті.

"Ол (SAINt JHN - авт. еск.) маған кеше Instagram-да direct-те жазды, мені мақтады. Мақтап қана қоймады. Бейәдеп сөздер бар. Оны айтпағаным абзал. "Біз олардың бәрін..." деген секілді", - деді ол.

Иван Ургант қазақстандық музыканттан алдағы жоспарлары туралы сұрады. "Сізбен жұмыс істеу үшін кезек құрылған шығар. Мәскеуге бекер келмедіңіз, келіссөз жүріп жатқан болар. Элджей шығар сол", - деді ол. 

"Лехамен "Грэммиге" дейін де бірге трек жасауды жоспарлағанбыз", - деді Зейкенов. 

Сұхбат соңына қарай Иван Ургант эфирде айтылғанның бәрі орындалатынын мәлімдеді, себебі былтыр қарашадағы шығарылымда ол Иманбекті "Грэмми" жеңіп алғанымен құттықтағанын еске салды. "Мен 30 рет "Грэмми" алатынымды айтыңызшы", - деді Иманбек. 

"Құрметті достар, Иманбек таяуда 30 рет "Грэмми" алатыны ешкімге құпия емес", - деді Иван Ургант.

Еске салайық, қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses әніне ремиксі үшін "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған болатын.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer