30 тамыз 2018 17:43

Иосиф Кобзон қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Сергей Гунеев © РИА Новости/Сергей Гунеев

КСРО халық әртісі, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


КСРО халық әртісі, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"КСРО халық әртісі Иосиф Кобзон көз жұмды. Ол 80 жаста еді", - делінген хабарламада.

Кобзон ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Оның денсаулығындағы проблемалар 2005 жылы онкологиялық ауру анықталған кезде белгілі болған еді. Бұдан кейін Кобзон бірнеше операцияны өткерді.

Иосиф Кобзон 1937 жылы 11 қыркүйекте Украинаның Донецк облысындағы Часов Яр қаласында дүниеге келген, ол ән айтуды бала кезінен бастаған. 11 жасында Кремль алаңында Иосиф Сталиннің алдында "Летят перелетные птицы" әнін орындаған.

Кобзонның гастрольдік еңбек жолы жарты ғасырға созылды. 2012 жылы 75 жасқа толғанында әнші өзінің концерттік қызметін аяқтайтынын мәлімдеді. Алайда әнші бұдан кейін де сахнаға шығуын тоқтатпады, гастрольдік сапарымен Ресейді аралап, әлеуметтік-саяси процесстерге белсене қатысып жүрді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети