30 қазан 2021 18:28

"Жанболатқа тұрмысқа шықпағанда, қазір пәтер жалдап жүрер едім". Жұлдыздың жары" жобасында - Жазира Байырбекова

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші, эстрада жұлдызы Жанболат Ербатыровтың жары Жазира Байырбекова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші, эстрада жұлдызы Жанболат Ербатыровтың жары Жазира Байырбекова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында өнер жолындағы алғашқы қиындықтар, жол апаты, неге емделіп жүргені, отбасылық өмірі туралы сыр шертті.

Бағдарлама қонағы өнер жолындағы алғашқы сәттерін еске алды.

"Бізге жай ғана, кішігірім времянкада өзіміздің тамағымызды тауып жеу арман болған. Өз баспанамызды алу арман болды. Сахнаға шығып, танымал әнші болу арманымның тізімінде болмаған. Танымалдықтан гөрі бізге күнкөріс жағы маңызды болды. Кейде ойлаймын: Жанболатқа тұрмысқа шықпағанда, мен қазір бұлай танымал әнші болмақ түгіл, пәтер жалдап жүретін бе едім", - деді әнші.

Әнші жол апатында қандай жарақат алғанын әңгімеледі.

"Әлі де ем алып жүрмін. 7-8 жыл бұрын көлікпен келе жатып, 6-7 метрге үлкен, қара "Джиппен" ұшып түскенбіз. Бірақ бір қызығы мұздың үстінде келе жаттық, жолдың шетінде қар үйіліп тұр екен. Джиппен ұшып, тау боп үйіліп тұрған қардың үстіне түстік. Қардың үстіне емес, 1 метр бері не ары құлағанымызда, аман қалмас па едік. Сол кезде омыртқам күмпиіп тұрды. Бірақ жоспарларымыз, әсіресе, ұзатуларымыз ренжиді ғой. Күтпейді. Ауырды, бірақ бір жерім ауырып тұрса, "істемей қалмаса болды, соғыс кезінде бір аяғы жоқтар да соғысып жүрді ғой" деп ойлайтынмын. Соның салдарынан ұзақ уақыт белімді емдетіп жүрмін", - деді ол.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети