04 қаңтар 2021 17:48

Желіде дәрігерлерге арналған видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скрин Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде медицина қызметкерлеріне арналған видео пайда болды. Ол "Біз біргеміз" Жаңа жылдық алғыс кеші" жобасы аясында жаңа жыл кешінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде медицина қызметкерлеріне арналған видео пайда болды. Ол "Біз біргеміз" Жаңа жылдық алғыс кеші" жобасы аясында жаңа жыл кешінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Клипті әзірлегендердің бірі, продюсер Даут Шайхисламов қазақстандық және ресейлік музыкантшылар орындаған ерекше сыйлықтың әр жолы 2020 жылғы ақ халаттағы батырларға арналғанын атап өтті. Әннің әр сөзі жүздеген күнін демалыссыз, ұйқысыз өткізген барша жанға деген махаббат пен алғысқа толы.

"2020 жыл көпшілік үшін оңай болмағаны сөзсіз, бірақ біз дәрігерлер үшін қаншалықты қиын болғанын елестете де алмайтын шығармыз. Бұл бейнебаян арқылы өз міндетін кіршіксіз атқарған ақ халатты батырларға алғысымызды білдіреміз", - деді Даут Шайхисламов.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан және Ресей әншілерінің қосыла шырқаған үшінші бейнебаяны. Біріншісі "Бір әлем - үйде біргеміз" деп аталатын клип пандемиямының басында шықты, ал содан кейін  Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған "Тырналар" бейнебаяны жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети