04 тамыз 2019 14:47

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn't Leave ("Кете алмаймын") атты әні жарық көрді, ол Қытай телехикаясының саундтрегі екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn't Leave ("Кете алмаймын") атты әні жарық көрді, ол Қытай телехикаясының саундтрегі екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа әннің бейнебаянын Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Қытай телехикаясына саундтрегім түсірілді. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін", - деп жазған ол видео түсініктемесіне. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

My Chinese TV series soundtrack has recently been released. I hope you enjoyed it)

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Жас әншінің жанкүйерлері бейнебаяннан таңданысын жасырмай, көптеген пікір қалдырып жатыр. 

"Өте əдемі орындау!!!", - деп жазған iskulovna_rr аккаунтының иесі. 

"Димаш бауырым, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді, еліңді ұмытпа. Жарайсың, талант иесісің", - деген Досжан (doszhanabdu) есімді қолданушы. 

"Не деген еңбекқор қазағым, тіл-көзден аман болсаң екен!", - деген Жазира (zhasira_84_astana) есімді қазақстандық.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети