Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Junior Eurovision байқауына қатысып жатқан қазақстандықтың бейнебаяны жарық көрді 11 қазан 2020, 15:44

12 жастағы қазақстандық Қарақат Башанованың "Forever" әніне арналған бейнебаяны Junior Eurovision байқауының ресми Youtube-тегі арнасында жарияланды,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Youtube-тен алынған кадр Youtube-тен алынған кадр

12 жастағы қазақстандық Қарақат Башанованың "Forever" әніне арналған бейнебаяны Junior Eurovision байқауының ресми Youtube-тегі арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас орындаушы өзінің "Forever" әнін 7 жасында жоғалтқан әкесіне арнаған. Осы өлеңді былтыр Ержан Максимге ән жазған композитор Хамит Шаңғалиев шығарған.

Бейнебаян сценарийін режиссер Малик Зенгер ойластырған. Онда қызы мен әкесінің түрлі кезеңдегі өмір тарихы көрсетіледі.

Қарақат 5 жасынан ән айтады. Қазір ол Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық музыка академиясының музыка мектебінде оқиды, фортепиано мен скрипкада ойнайды.

Ол Қазақстандағы бірнеше вокал байқауына қатысқан. Қарақат "Балалар дауысы 2018" байқауының финалисі.

Junior Eurovision-2020 байқауының гранд-финалы 29 қарашада телекөпір форматында өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасының даусы мен онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram