1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Қайрат Нұртастың жаңа фильмі "18+" шектеуімен көрсетіледі

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінің көрсетіліміне шектеу қойылды. Енді фильмді тек 18 жастан асқан көрермендер ғана көре алады. Бұл туралы 10 қазанда белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Арман/Когда ангелы спят" картинасының таныстырылымынан кейін онда зорлық пен зұлымдық көріністері бар екені белгілі болды.

"Фильмнің дистрибьюторы және фильмге прокат куәлігін берген "Sulpak cinema" ЖШС-тан картинада зорлық пен зұлымдық көріністерінің бар болуына байланысты "Е18" индексін белгілеу туралы қайта өтініш келіп түсті. "Е18" - 18 жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер",- деп түсіндірді министрлік Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауабында.

Айта кетейік, фильм прокатқа 12 қазанда шығады. Сондай-ақ, осыған дейін Қайрат Нұртастың фильмнің таныстырылымына әйелімен бірге келгені айтылған болатын