18 желтоқсан 2015 21:23

Қазақстан 2016 жылы "Евровидение" байқауына қатысуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vev.ru © vev.ru

2016 жылдан бастап "Хабар" Агенттігі" Еуропалық хабар тарату одағының ассоциациялық мүшесі атанды. Бұл туралы телеарна сайтында хабарланып отыр.


2016 жылдан бастап "Хабар" Агенттігі" Еуропалық хабар тарату одағының ассоциациялық мүшесі атанды. Бұл туралы телеарна сайтында хабарланып отыр.

"Біздің Агенттік телевизия саласындағы әлемдегі ең ірі ұйымға енген Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз телекомпания. Енді "Евровидение" сынды мәдени халықаралық жарыстар мен Еуропада өткізілетін түрлі спорттық шараларды "Хабар" Агенттігі енді еш кедергісіз өз эфирінен көрсете алады", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Еуропалық хабар тарату одағы 1950 жылы құрылған. Басты кеңсесі Женевада орналасқан. Бұл ұйым Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдеріндегі 56 мемлекеттің жетпістен астам теле және радио компанияларының басын қосып, бірлесіп жұмыс істейді. Еске сала кетейік, "Хабар" Агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағына да мүше болған алғашқы қазақстандық БАҚ өкілі.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети