20 қараша 2014 10:04

Қазақстан жастарын ұлттық музыкамен тәрбиелеу керек - Роза Рымбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роза Рымбаева. ©Massaget.kz Роза Рымбаева. ©Massaget.kz

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жастардың ''Жұлдыз FM'' жаңа радиосының басты әуеніне айналған әйгілі "Сәлем саған, туған ел!" әнінің тарихы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жастардың ''Жұлдыз FM'' жаңа радиосының басты әуеніне айналған әйгілі "Сәлем саған, туған ел!" әнінің тарихы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, бұл - өзіне композитор Кеңес Дүйсекеев пен ақын Шөмішбай Сариев арнайы жазған әндердің бірі. Роза Рымбаева бұл әнмен Түркияда "Алтын микрофон" халықаралық конкурсында өнер көрсетті, сонымен бірге, оны "Гүлдер" ансамблінде орындады. Конкурсқа арналған композицияда 7/8 аралас музыкалық өлшемі қолданылды.

"Біздің эстрадада бұрын аралас өлшемдер болған емес. Бұл жаңа бағыт, жаңа стиль, жаңа дыбыстау болды. Ол халық арасында бірден танымал бола кетті, өйткені, оның "Сәлем саған, туған ел!" деген сөзі өзекті болды, ырғағы терме стилінде болды", - деді Рымбаева. Әншінің марқұм күйеуі Тасқын Оқапов "Сәлем саған, туған ел!" әнінің үлкен оркестрге арналған аранжировкасын жасады. 

Қазақстанның ең танымал әншісінің пікірінше, Қазақстан жастарына арналған "Жұлдыз FM'' жаңа радиосы ел әншілерінің қазақ тіліндегі әндерін тыңдағысы келетін адамдардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әртіс қазіргі кезде радиостанцияларда қазақстандық әншілерді тек 03.00-тен 05.00-ке дейін ғана тыңдауға болатынын байқаған. Қалған уақытта шетел әншілерінің шығармалары беріледі. Рымбаеваның айтуынша, Қазақстан жастарын салмақты әрі ұлттық музыкамен тәрбиелеу керек. 

"Жастарды тәрбиелеу қажет. Оларға өздері тыңдағысы келетін "Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" немесе "Қызыл өрікті" ғана беріп қоймау керек. Көкжиектері, музыка туралы түсініктері кең болуы үшін оларға салмақты, ұлттық музыканы беру қажет. Көңілдерін көтеріп қана қоймай, тәрбиелеу де керек", - дейді Рымбаева.

Халық әртісі қазіргі қазақ эстрадасы туралы да ойын білдірді. "Біздің жас әртістерден біреуді ерекше ажыратып жататын кезім өте сирек. Ұлымды, әрине, байқаймын, өйткені ол өз музыкасын орындайды, бөтен музыканы қайталамайды. Біріншіден, бізде ондай композиторлар жоқ. Бәле болды. Әншіге өз мүмкіндіктерін көрсетуге болатындай қарапайым ғана әннен салмақты, үлкен композиция жасай алатын лайықты әрлеушілер жоқ", - дейді әнші.

Роза Рымбаева ''Жұлдыз FM'' жаңа радиосының ұжымына табыстар тілеп, ән өнерінің нағыз жұлдыздары жастар радиостанциясының эфирінен өз орнын табатынына үміт білдірді.

 

Еске сала кетейік, "Жұлдыз FM" жастар радиостанциясы осы жылдың 20 қазанында Қазақстанның 18 қаласында техникалық эфирде хабар тарата бастаған болатын. Радионың әуе толқынындағы толыққанды жұмысын ресми түрде бастау қараша айының екінші жартысына жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети