Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Жастарға арналған "Жұлдыз FM" радиосы хабар тарата бастады

22 Қазан 2014, 09:04
5
©Жұлдыз FM
©Жұлдыз FM
 ©Жұлдыз FM
©Жұлдыз FM

"Жұлдыз FM" жастар радиостанциясы республикалық эфирде хабар тарата бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа радионың жиілігінде жастарға арналған қазақ тіліндегі әндер орындалады. "Мұндай идея әріптестерімізбен, музыканттармен әңгімелесу барысында келді. Біз Қазақстанның медиакеңістігінде жастарға арналған қазақ радиостанциясының жетіспейтінін түсіндік. Бұл жайт біз үшін нонсенс болып көрінді. Идеяның пайда болған сәтінен оның іске асуына дейін екі жылдай уақыт кетті", - дейді радиостанция директоры Мәдина Өмірбекова.

Танымал композитор Кеңес Дүйсекеев жаңа радиоға өзінің "Сәлем саған, туған ел!" әнін қолдануға келісім берді. Көп жыл бұрын Роза Рымбаева үшін арнайы жазылған шығарма жастар радиосының негізгі музыкалық заставкасына айналды. "Жұлдыз FM" радиосы елдің болашағына қызмет етеді деп ойлаймын. Себебі қай елдің де келешегі – жастар, сондықтан жастар үшін қызмет ететін радионың болашағы да жарқын болады. Қаны қазақ, жаны қазақ, түсінігі терең өнер адамы осы радиоға қызмет етуі керек деп есептеймін", - деді Дүйсекеев.

Радиостанцияға Қазақстан эстрадасы өкілдерінің көбі бірден қолдау білдірді. "Біз радиостанцияда жұмыс істеуге ниет білдірген жастардың көп болғанына қуаныштымыз, олар көп идея әкелді, радионың ашылуына үлестерін қосты", - дейді Өмірбекова.

Жаңа радионың атауына келсек, жобаны жасаушылар оны көп атаудың ішінен таңдап алғанын айтты. "Бұл жұлдыздар туралы радио емес. Біз бұған жастарға бағдар боларлық жол көрсеткіш жұлдыз деген мағына бердік", - деді радио басшысы.

"Жұлдыз FM" тыңдармандарға қазақша сапалы контент ұсынуды, жастардың биік құндылықтарын қалыптастыруды және олардың қомақты ақпарат ағыны арасынан дұрыс бағытты таңдауына көмектесуді көздейді. Жастар радио эфирінен өмірдегі, музыка мен мәдениеттегі ең маңызды, қызықты, қажетті дүниелерді таба алатын болады. "Бүгінде Интернет, кітаптар бар. Бірақ бізде оған қол жеткізе бермейтін аймақ жастары бар, ал радио - ең ауқымды аудиторияға арналған ақпарат көзі", - дейді радио басшылары.

"Жұлдыз FM" радиостанциясы 20 қазанда Қазақстанның 18 қаласында техникалық эфирге шықты. Оның ресми түрде іске қосылуы қараша айына жоспарланып отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай