Әнші Диана Шарапова Головкиннің Брукпен өтетін жекпе-жегі қарсаңында қазақстандық боксшыға қолдау көрсету үшін Gena King әніне бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Диана Шарапова Головкиннің Брукпен өтетін жекпе-жегі қарсаңында қазақстандық боксшыға қолдау көрсету үшін Gena King әніне бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бейнеклипке Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушылары түскен. Олардың арасында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, таеквондошы Руслан Жапаров, боксшы Олжас Саттыбаев, сондай-ақ жүзуден рекорд орнатқан Зүлфия Ғабидуллина бар.
Бейнебаянды түсіру кезінде Диана Шарапова жұдырықпен жаттығып, секіртпемен және балғамен түрлі жаттығулар жасайды. "Нұсқаушым менің салмағы 15 келі болатын балғаны алып,"КАМАЗ-ды" ұра бастағанымды көріп, таңғалды. Геннадий расында да рингтің патшасы, заманауи бокстың патшасы. Ол Қазақстандағы ең кәсіпқой спортшы, өзінің мансап жолында бірде-бір жекпе-жекте жеңіліске ұшыраған жоқ. Ол мен үшін және бүкіл әлем үшін феномен. Оған арнап ән айту мен үшін құрмет", - деді Диана Шарапова.
Еске салайық, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.