20 қазан 2021 10:35

Қазақстандық Италияда өткен ән байқауында жүлделі орынға ие болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жастағы Әмина Арыстанбек 11-14 қазан аралығында Италияда өткен әйгілі халықаралық Sanremo Junior-2021 балалар байқауында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


10 жастағы Әмина Арыстанбек 11-14 қазан аралығында Италияда өткен әйгілі халықаралық Sanremo Junior-2021 балалар байқауында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас вокалист, скрипкашы оркестрдің сүйемелдеуімен Fairytale композициясын орындады. Дәл осы композициямен 2009 жылы Александр Рыбак "Евровидение" байқауында жеңіске жеткен.

Sanremo Junior - 2021 байқауына карантин шараларына, шекаралардың жабылғанына қарамастан, әлемнің 22 елінен қатысушылар келді.

Сонымен қатар, Әмина байқауда арнайы жүлде - Украинаның Junior Eurovision халықаралық байқауының финалына қатысуға шақыру алды.  Жүлдені ұйымның директоры Влад Багинский табыстады. Байқау 2021 жылы 30 қазанда Киевте өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети