Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Кончита Вурст "Евровидение-2015" байқауын жүргізетін болады

22 Желтоқсан 2014, 09:44
0
Кончита Вурст. ©РИА Новости
Кончита Вурст. ©РИА Новости

Кончита Вурст деген сахналық псевдониммен танымал австриялық әнші Томас Нойвирт Венада өтетін "Евровидение-2015" байқауы жүргізушілерінің бірі болады, - деп хабарлайды Израильдің 9 Канал ТВ порталы. Мұндай шешімді Австрияның ORF телерадиокорпорациясы қабылдады.

ORF телеарнасының директоры Кэтрин Зехнердің айтуынша, Вурст өткен жылғы байқауда "өзінің болмысы, дауысы және әні арқылы" жеңіп шықты. Ол Еуропада және әлемде өзін-өзі анықтау жолындағы күресте тұңғыш рет болмаса да, ең батыл түрде қадам жасады. Сол себепті оған алдағы байқауды жүргізу мүмкіндігі беріліп отыр.

Телеарнаның мәліметінше, "сақалды әйел" байқаудың "Жасыл бөлмесінде" сайыскерлерден сұхбат алатын болады.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың мамырында Данияда өткен "Евровидение-2014" байқауында Австрияның атынан бақ сынаған Кончита Вурст Rise Like a Phoenix ("Феникс сияқты қайта тірілемін") әнімен 290 балл жинап, жеңіске жеткен еді. Байқаудың ережесі бойынша 2015 жылғы сайыс жеңімпаздың елінде өтетін болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай