04 наурыз 2020 18:44

Кремльде Димаш Құдайбергеннің концертін қойған режиссер "Шәмші әлемі" концертін ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай Нұр-Сұлтан (19 наурыз) және Алматы (14 наурыз) қалаларында "Шәмші әлемі" атты үлкен концерттік қойылым өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай Нұр-Сұлтан (19 наурыз) және Алматы (14 наурыз) қалаларында "Шәмші әлемі" атты үлкен концерттік қойылым өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрермен50-60-жылдардағы қайталанбас ретроатмосфераға кенеледі. Концертке Нұр-Сұлтан мен Алматыдан белгілі опера солистері қатысады. "Шәмші әлемі" концерттік қойылымына Берлиннен София Гарделадзе (сопрано), Бішкектен Саян Исин (тенор) және Конго Республикасынан "Джамбо-Джамбо" тобы арнайы шақырылған.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы концертте қазақстандық танымал әнші, көпшіліктің сүйіктісі Сәкен Майғазиев өнер көрсетеді.

Жобаның авторы - композитордың ұлы, Абай атындағы опера және балет театрының дирижері, "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ) Мұхтар Қалдаяқов. Шоу Астана симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен, барлық әннің жанды орындалуымен, Болат Аюхановтың жетекшілігімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік классикалық би ансамблінің орындауындағы би композицияларымен ерекшеленеді.  Спектакльдің режиссері - Кремльде Димаш Құдайберген концертінің қойылымын қойған украиналық танымал режиссер Андрей Еремин.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде композитордың 90 жылдық мерейтойына орай Шәмші Қалдаяқовтың кез келген әнін орындап, өз парақшаңызға #ШӘМШІ90ЖЫЛ #ШАМШИ9090 хэштегтері  арқылы жариялай аласыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети