12 қаңтар 2015 18:18

КСРО халық әртісі Елена Образцова дүние салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Образцова. ©imenno.ru Елена Образцова. ©imenno.ru

КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, атақты опера әншісі Елена Образцова өмірден өтті, - деп хабарлайды РИА Новости. Агенттіктің мәліметінше, ол 75 жасқа қараған шағында Германияда қайтыс болды. 


КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, атақты опера әншісі Елена Образцова өмірден өтті, - деп хабарлайды РИА Новости. Агенттіктің мәліметінше, ол 75 жасқа қараған шағында Германияда қайтыс болды. 

Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айының соңында Елена Образцованың баспасөз хатшысы опера әншісіне дәрігерлер климатқа байланысты қысты Германияда өткізуге кеңес бергені туралы хабарлаған болатын. Осыған байланысты оның 11 желтоқсанда Мемлекеттік Кремль сарайында өтуі тиіс болған концерті кейінге қалдырылды.

Елена Образцова - Ресейдің меццо-сопрано әншісі, КСРО халық әртісі, ол 1939 жылы 7-шілдеде Ленинградта туылған. Әнші сұхбаттарының бірінде блокададан кейін "Құдай онымен мәңгі бірге" екенін айтты, себебі сенім болмаса адамдар тірі қалмайтын еді. "Менің бар істейтінім - Құдайдың берген дарынын кәдеге жарату", - деді ол.

Әншінің бай концерттік репертуарында XVIII-XX ғасырлардың 100-ден астам композиторының шығармасы бар, оның ішінде: опералық, камералық, кантата-ораториялық композициялар, рухани музыка, орыс әндері, көне романстар, классикалық оперетта, зонг және джаз үлгісіндегі әндер бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети