"Күз дауыстары" думанында тува және қазақ әндері жарасым тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Радик Тюлюш. ©Болатбек Мұхтаров Радик Тюлюш. ©Болатбек Мұхтаров

Алматыда тувалық мультиинструменталист әрі көмей әншісі Радик Тюлюштің қатысуымен "Күз дауыстары" бірегей музыкалық думаны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тувалық мультиинструменталист әрі көмей әншісі Радик Тюлюштің қатысуымен "Күз дауыстары" бірегей музыкалық думаны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көмейінен әр алуан реңкті дыбыс шығарып, бірнеше нотаны қатар алатын орындаушы қазақстандық диджей Нариман Исеновпен, "Қазына" вокал ансамблімен және "Шарапат" тобы музыканттарымен бірге өнер көрсетті. Сөйтіп, тува халқының дүниетанымы мен Шығыс Сібір даласының тылсым табиғатынан хабар беретін әуендер электронды музыка ырғақтарымен, академиялық вокалмен, гитара және қазіргі заманғы басқа да аспаптар үнімен жарасым тапты. 

Жанрларды жарастырған тың музыкалық тәжірибе визуалдық шешімдермен көркемделді. Концерт Dostyk Plaza сауда - ойын-cауық орталығындағы Space мультимедиялық галереясында өтті. Оның жарық және безендіру технологияларының арқасында көрермен этникалық әуендерге өң берген көркемдік эффектілерді тамашалады.

"Қазына" ансамблі орындаған халық әні "Ауылың сенің іргелі" және Ақан серінің "Шырмауық" әні тува халқының фольклорымен араластырыла орындалып, өзара үйлесім тапты. Көрермен Радик Тюлюштің түрлі аспапта қатар ойнау шеберлігіне де тәнті болды. 

Тува әншісінің қатысуымен болған "Күз дауыстары" тұңғыш мультимедиялық думанын The Spirit of Tengri жобасы аясындағы ауқымды да әсерлі концерттерімен танымал Tengri FM ұлттық радиостанциясы ұйымдастырды. Еске сала кетейік, 2014 жылдың маусым айында Алматыдағы Республика сарайының алдында өткен қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri атты екінші халықаралық фестиваліне Радик Тюлюш те қатысқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer