14 маусым 2017 | 19:46

Қырғызстаннан Таулы Шорияға дейін. Астанада Nomad Way фестивалі жалғасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің төртінші күні өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің төртінші күні өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің сахнасында Қырғызстаннан келген Gulzada және Chyltys & DJ Nariman Issenov жобасы кешті бастады. Олардан кейін Таулы Шория және Қазақстанның Chyltys & DJ Nariman Issenov тобы бірлесе өнер көрсетті. 

 

 
© Тұрар Қазанғапов

Фестивальдің бірінші күні қазақстандық "Тиграхауд", Hapanasasa топтары және әнші NАsia мен Өзбекстаннан келген "Аббос" тобы мен Башқұртстаннан келген "Аргымак" топтары өнер көрсетті. 

Екінші күні Nomad Way фестивалінде венгриялық Tilla Torok’s Band скрипачтар тобы, Тәжікстаннан келген "Авесто" тобы. Татарстаннан келген Талғат Хасеновтың және Бурятиядан келген Namgar топтары кешті жапты. 

Үшінші күні көшпелі елдердің сиқыры әлемінің әуенімен басталып, викингтер музыкасымен жалғасып, Башқұртстаннан келген қонақ кешті жапты. 

Еске салайық, 11 маусымда Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалі басталды. Фестиваль 15 маусымға дейін жалғасады.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Nomad Way көшпелі халықтар фестиваліне қатысты пікірін білдірді.

"Бұл тамаша әрі ерекше жоба. Бір-біріне ұқсас жобалар көп, бірақ Nomad Way - музыканттардың жоғары кәсібилігін көрсететін фестиваль. Nomad Way ұйымдастырушыларына көп алғыс айтқым келеді. Әлемнің мықты музыканттары келді. Осындай алуан түрліліктің бары қандай жақсы", - деді министр фестивальдің үшінші күні аяқталған соң.

Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан);  Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети