13 маусым 2017 21:29

Nomad Way Астанада: Көшпенділер сиқыры мен бурятиялық бөрілер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің үшінші күні өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің үшінші күні өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

The Magic of Nomads сахнасында әр түрлі музыка жанрлары орындалып жатыр: джаз, рок, фолк және соул. Олардың әуендерінде дала бүркітінің дауысы, жел лебі және жылқылардың дүрсілі джасз атмосферасына үндескен. 

 

Осы жобаның басшысы әрі құрылтайшысы - қобызшы Ғазиза Габдрахимова. Қобыздан басқа The Magic of Nomads жобасында қазақстандық басқа да аспаптарда әуендер орындалады - домбыра, сыбызғы, шаңқобыз және сазсырнай...

The Magic of Nomads тобынан кейін сахнаға Бурятиядан келген Shono тобы шықты. Олардың әуендерінде дала сазы, ұлыған бөрілер үні, батырлардың қаһары мен ай астындағы бурятиялық бақсылардың биін суреттеуге болады. 

Еске салайық, 11 маусымда Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалі басталды. Фестиваль 15 маусымға дейін жалғасады.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова Nomad Way Астана тұрғындары мен қонақтарының ең жақсы көретін фестиваліне айналатынына сенеді. 

 

Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан);  Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).

"Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Концерттер күнделікті 11-15 маусым аралығында сағат 17.00-де басталады. Бұл Астанадағы соңғы іс-шарамыз емес. Алда жаздың үш айы бар, қала тұрғындарын мен қонақтарын түрлі музыкалық тосынсыйлар күтеді", - деді The Spirit of Tengri фестивалі мен "Жұлдыз FM" радиостанциясының бас продюсері Жан Қастеев.

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети