23 мамыр 2017 23:06

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады - ВИДЕО

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Әйгілі әнші Лара Фабиан мен белгілі актриса әрі модель Ева Лонгория қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, видео жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады.


Әйгілі әнші Лара Фабиан мен белгілі актриса әрі модель Ева Лонгория қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, видео жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады.

Редакциямызға келіп түскен видеода Лара Фабиан тілегін айтып, ән салып береді. "Димаш, бұл саған арналады. Мен, көріп отырғаныңдай, күйеуіммен үйдемін. Ол маған көмектеседі. Бүгін сенің ең маңызды күнің екенін білеміз. Бұл сенің жарық әлемге келген күнің. Бұл күн сондай тамаша күн. Себебі дәл осы күні сен сияқты дарынды адам дүниеге келген күн", - деген ол қазақстандық әншіге арнап Happy Birthday to you әнін орындайды.

Айта кетейік, Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауында Adagio әнін орындаған кезінде миллионнан аса жазылушысы бар парақшасында құттықтап, жоғары бағасын берген еді.

 Ал актриса әрі модель Ева Лонгория былай деп құттықтайды: "Сәлем, Димаш! Бұл Ева, саған қуанышты туған күн тілеймін. Сен өте дарындысың. Сені танитыныма өте қуаныштымын!".

Айта кетейік, Димаш Құдайберген мен Ева Лонгория Париждегі Global Gift Gala гала-кешіне қатысқанда танысқан еді. Шараны америкалық актриса Ева Лонгория ұйымдастырды. Ол өзінің "The Eva Longoria Foundation" қайырымдылық қорын таныстырған еді. 

Еске салайық, 24 мамыр - Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші 23 жасқа толып отыр. Қытайдың жанкүйерлері қазақстандық әншінің туған күнін бір апта бұрын бастап кеткен. Таяуда әнші Шанхай қаласында өнер көрсетіп, тыңдармандарының ықыласына бөленген. Содан бері әншіге түсіп жатқан құттықтауларда сан жоқ. Сыйлықтары өте көп. Бұған әншінің өкілі редакциямызға жолдаған суреттері дәлел.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети