28 сәуір 2016 16:19

Мәдениет министрі Қайрат Нұртастың вице-министр болып "тағайындалуына" қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қайрат Нұртастың вице-министр болып тағайындалуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, әншінің вице-министр болғаны туралы ақпарат еліміздегі ақпараттық порталдардың бірінде жарияланған болатын.

"Арнайы талаптар, тәртіптер бар. Жаңа заңнамада өте қатаң талаптар белгіленді. Мысалы, сіздер журналист болып жұмыс істейсіздер, кейін бөлім меңгерушісі, одан кейін жетекші, басқарма төрағасы боласыздар. Барлығымыз осы жолдан өттік. Осылардың бәрінен өту керек", - деді Мұхамедиұлы телефон арқылы берген сұхбатында.

Еске салайық, Қайрат Нұртас наурызда өткен сайлау кезінде Парламент Мәжілісі депутаттығына ең жас кандидат болған еді. 2016 жылдың 25 ақпанында ол 27 жасқа толды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети