Мадина Сәдуақасова қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy концертіне шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадина Сәдуақасова қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy концертіне шақырды Мадина Сәдуақасова

9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында сағат 19:00-де Máńgilik El Daýysy тұңғыш ұлттық музыка шоуы өтеді. Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова қазақстандықтарды осы музыкалық шараны тамашалауға шақырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында сағат 19:00-де Máńgilik El Daýysy тұңғыш ұлттық музыка шоуы өтеді. Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова қазақстандықтарды осы музыкалық шараны тамашалауға шақырды.

"Құрметті достар, менің репертуарымдағы көптеген әнді 9 қараша күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында бірге шырқайық. Келіңіздер. Барлығыңызды асыға күтемін", - деді видеошақыруды "Сүйген жүрек" әнімен бастаған Мадина Сәдуақасова.

Айта кетейік, Máńgilik El Daýysy жобасы барысында тыңдармандар қазақ эстрадасының әншілерімен бірге сүйікті әндерін шырқай алады. Әндердің сөзі арнайы экраннан көрсетіледі. Тыңдарман шоудың толыққанды қатысушысы бола алады. Концертке қазақ эстрадасының танымал тұлғалары қатысады.

Олардың арасында жақында ғана "Қайда" әнімен 100 миллион қаралым жинаған Ерке Есмахан да бар. Одан бөлек, Айқын Төлепберген, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді. Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Máńgilik El Daýysy концертіне билет ұтып алуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети