25 қыркүйек 2014 10:03

Макаревичті Украина әскеріне көмектесті деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Макаревич Святогорскте жұрт алдында. ©kp.ru Андрей Макаревич Святогорскте жұрт алдында. ©kp.ru

"Машина времени" тобының жетекшісі Андрей Макаревичтің қолтаңбасы жазылған гитараның сатылымынан түскен қаражат украиналық қарулы күштердің керек-жарағына жұмсалған. Бұл туралы SUPER басылымы украиналық БАҚ құралдарына сілтеме жасап хабарлады. 


"Машина времени" тобының жетекшісі Андрей Макаревичтің қолтаңбасы жазылған гитараның сатылымынан түскен қаражат украиналық қарулы күштердің керек-жарағына жұмсалған. Бұл туралы SUPER басылымы украиналық БАҚ құралдарына сілтеме жасап хабарлады. 

Әңгіме өзегіне айналып отырған гитараны музыкант тамыз айында Украинаның Святогорск қаласында өткізген концерті кезінде тастап кеткен. Сол кезде ұйымдастырушылар бұл аспапты аукционға қойған. Гитара 7,5 мың долларға сатылған. Гитараның сатылымынан түскен барлық қаражат Украинаның қарулы күштеріне көмек ретінде берілген. 

"Новороссия" ақпараттық агенттігінің анықтауынша, украиналық қарулы күштерді қолдау қоры бұл қаражатқа дәрі-дәрмектер мен 10 бронежелет және каскалар (соғыс уақытында басқа киетін әскери темір қалпақ) алған. 

Қазіргі таңда Ресей аты аңызға айналған танымал рок-музыканттың концертін өткізуге құлықты емес. Бұдан бұрын Макаревичтің Красноярск, Самара, Қазанда және басқа да ресей қалаларында өтеді деген концерттері өткізілмей қалған. 22 қыркүйекте Санкт-Петербургте болатын концерті де өткізілмей қалған. Негізгі себебі - билеттер өте аз сатылуда.

Ресейде жұрт алдында өнер көрсете алмаған музыкант енді жақын уақытта Украинада тағы бір концерт беруді жоспарлап отыр. 7 қазан күні "Машина времени" тобының жетекшісі Макаревич Черниговте концерт береді, ал қараша айында "L.O.V.E - песни про любовь" бағдарламасымен Украинаның қалаларын аралайды. Рок-жұлдыздың гастрольдік кестесінде Киев, Харьков, Одесса және Днепропетровск қалаларында концерт беретіні жазылған. 

Қазан айында Макаревич АҚШ қалаларын да аралауды жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети