17 маусым 2015 17:58

Мәскеуде Жанна Фрискемен қоштасу рәсімі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Super.ru © Super.ru

Мәскеуде Жанна Фрискемен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Super.ru. Еске сала кетейік, Жанна Фриске 16 маусымға қараған түні 41 жасында бас миындағы қатерлі ісіктен қайтыс болды.


Мәскеуде Жанна Фрискемен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Super.ru. Еске сала кетейік, Жанна Фриске 16 маусымға қараған түні 41 жасында бас миындағы қатерлі ісіктен қайтыс болды.

Жалғасы

Әншімен қоштасу рәсімі Жаннаның бірнеше рет өнер көрсеткен Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" кешенінде болып жатыр. Рәсімге әншінің тыңдармандары мен туыстары, шоу-бизнестегі достары - Ольга Орлова мен Диана Гурцкая да келді. "Блестящие" тобының экс-солисімен қоштасу рәсімі 20.00-ге дейін жалғасады. Ертең ол Николо-Архангельский зираттарының біріне жерленеді.

Жанна Фрискенің қатерлі ауруға шалдыққаны туралы ақпарат 2014 жылдың басында пайда болды. Әнші АҚШ, Германия мен Қытайдың ең үздік ауруханаларында ем алды. Соңғы айларда ол күйеуі Дмитрий Шепелев пен ұлы Платонмен бірге Мәскеу маңындағы үйінде тұрды. Кейін әншінің күйеуі ұлымен бірге Болгарияға кеткені белгілі болды. Жанна өмірден өткен күні ертеңіне Дмитрий Шепелев қолдау көрсеткендердің барлығына Facebook арқылы алғысын айтты.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети