Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Милан орталығында әнұран ойнаған қазақстандық пианист жұртты тамсандырды 09 шілде 2021, 11:45

Қазақстандық пианист Темірлан Бейсенбай Миланның орталық алаңында еліміздің әнұранын ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандық пианист Темірлан Бейсенбай Миланның орталық алаңында еліміздің әнұранын ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіт Зальцбургтегі (Аустрия) Моцартеум университетінде пианист мамандығында оқиды. Ал әнұранды достарымен Миланға барғанда готикалық Дуомо соборының алдында ойнаған.

Музыкант ауыр аспапты тасуға достары көмектескенін айтты. 

"Рұқсат алу керек екен, біз жазып үлгеріппіз. Музыканттар үшін рұқсат қажет. Фортепианоны досыммен әкелдік. Таңертең ерте, 7-де, адам аз кезде бардық. Адамдар камераға түсіріп жатқанын көргенде, ешқашан кедергі келтірмейді, жай назар аудармауға тырысады. Видео тоқтағанда барлығы келіп, суретке түсіп, біздің қайдан келгенімізге қызығушылық танытты", - дейд Темірлан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ratovich Kai (@ratovich)

Ол Қазақстанның әнұранын мұндай вариацияда көптен бері ойнағысы келіп жүргенін айтты.

"Мен Қазақстанның әнұранын әр түрлі нұсқада жиі ойнайтынмын, сосын неге қазір шетелде жүргенде оны жазып алмасқа дедім. Әнұранның кавер нұсқасын жасағаныма сын айтыла ма деген қорқыныш болды. Әр түрлі елдің әнұрандарына кавер жасалатынын қарадым, мұнда жаман ештеңе жоқ. Бұл еліміздің әнұранын дәріптеу. Сондықтан бағымды сынауды ұйғардым", - деді ол.

Музыкант Шымкенттің тумасы, бірақ қазір Нұр-Сұлтанда тұрады. Ол Қазақстанның әдемі жерлерінде аспапта ойнаған роликтерін жариялағаннан кейін танымал болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ratovich Kai (@ratovich)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram