Министр Мұхамедиұлы Төреғали Төреәлінің даулы концертіне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әнші Төреғали Төреәлінің Павлодардағы даулы концертіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әнші Төреғали Төреәлінің Павлодардағы даулы концертіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл оқиға концерт индустриясын заңнамамен реттеуді қажет ететінін көрсеткен.

"Қазір бізде, өкінішке қарай, кез келген адам концерт ұйымдастыра алады, әншінің өзі де ұйымдастыра алады. Мұндай оқиға болды ма, онда біз шара қолдануымыз қажет. Мен әрқашан көрерменді құрметтеу керек деген ойдамын", - деді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін министр ретіндегі міндеті қазақстандық концерт индустриясын өркениетті нарыққа келтіру керек екенін атап өтті.  

"Бар мәселе бұл саланың заң тұрғысында реттелмегенінде болып тұр. Мысалы, кез келген адам концерт ұйымдастыра алады. Әлемде концерт ұйымдастырғысы келгендер лицензия алады. Қазір біз оны (Төреғали Төреәліні - Авт.) жақтауымыз да, даттауымыз да мүмкін. Ал концерт ұйымдастырумен кәсіби ұйым айналысса, ұйымдастырушылардан мұндай жағдайға неліктен жол берілгенін, әншінің қандай күйде болғанын сұрай алар едік, қазір оның тіпті ақылға қонымсыз әрекет жасағанын айтып, талқылап жатыр. Барлығын да заңмен реттеу керек деп есептеймін", - деді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін әншіге қатысты даулы видеоның әлеуметтік желіде тарап жатқаны хабарланған болатын. Видеода әнші сахнада тұрып, залда отырған көрермендердің бірімен дөрекі сөйлескен. Кейін ол бұған қатысты пікірін айтып, бір сөзбен "өтірік" деген еді. 

Кейін "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Төреғали Төреәліні Павлодарда өткен концертінде шығып кетуін өтінген қонақтың алдында кешірім сұрауға шақырған болатын. Бұдан соң Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте болған шудың қалай шыққанын айтты. 

Жаңа видео: Концертте Төреғали Төреәліге көрермен не деп айғайлады?

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro