07 мамыр 2016 20:37

"Мюзикола" тобының солисі Болат Сыздықов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мюзикола" тобының солисі Болат Сыздықов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты оның досы Асылбек Еңсепов растады.

"Ол ашық, мейірімді, жақсы адам болатын. Біз онымен ұзақ жылдар бойы таныспыз. Ең ауыры, оның біздің Батырхан Шүкеновтің қазасынан кейін бір жыл өткенде қайтыс болғаны. Мен бұған әлі сене алмай отырмын. Жақында ғана ол демалуға барып келді, қуанышты болып жүрді. Мұның бәрі бір ай бұрын ғана болатын. Оның үлкен жоспарлары болды, концерт өткізбекші болған. Ол аңызға айналған адам", -деді Еңсепов.

Белгілі қазақстандық гитарашы, композитор және "Мюзикола" тобының аранжирлеушісі, "А’Студио" тобының бұрынғы мүшесі Болат Сыздықов Қарағандыда 1956 жылы 21 маусымда дүниеге келген. Бала кезінен музыкамен айналысқан, атақты оқытушы Александр Мажелянның джаз гитарасы курсын бітірген. 16 жасында Болат Қарағандыдағы филармонияға жеке ән орындаушысы болып қабылданады, сонымен қатар "Гәкку" ансамблінің құрамымен гастрольдік сапарларда жүрді.

1976 жылы Болат Республикалық "Гүлдер "жастар ансамблінің шақыртуымен Алматыға келеді. Болат атақты Роза Рымбаева жеке орындаушы болған "Арай" тобының гитарисі болады. 90-жылдардың басында "Арай" тобының музыканттары Роза Рымбаевадан бөлініп кетіп, "Алма-Ата" атауымен жаңа топ құрады. Топ мүшелерінің арасында Болат та болған. Мәскеуге бара салып, жаңа топ танымал болады. Нәтижесінде "Алма-Ата" тобының атауы "А`Студио" болып өзгереді. 1992 жылы Болат Сыздықов өзінің жеке жаңа музыкалық жобасын ашпақ болады. Ол әнші Карина Абдуллинамен танысып, кейіннен олар бірге "Мюзикола" тобын құрады. Қазақстан Президентінің жарлығымен 2012 жылдың 5 желтоқсанында Болат Сыздықовқа Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети