"На вершине Тенгри" жобасында "КуКумбер" тобы жартылай финалға өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Anissa. Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды Anissa. Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды

"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымындағы қазан сесиясында қарағандылық КуКумбер тобы үшінші жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымындағы қазан сесиясында қарағандылық КуКумбер тобы үшінші жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап өтейік, 18 қазан күні өткен концертте жартылай финалға шығу үшін бұрынғыдай үш емес, төрт команда өзара сынға түскен. Бұл жолы "КуКумберге" Есік қаласынан келген Altaдан бөлек, алматылық Кальман мен Anissa тобы қарсылас болды. Соңғы топтар "На вершине Тенгри" жобасына алғаш қатысып отырған жоқ.

Олар Қазақстанның Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырған рок-жобасына камералық оркестрмен шыққан. Бұл жолы алматылық ұжым жеке орындауларынан бөлек, би қойылымдарымен де көзге түсті.

КуКумбер тобының әншісі Рябцевтің сөзіне қарағанда, "На вершине Тенгри" концертіне қатысу музыканттарға өз шығармашылықтарымен жұмыс істеуіне зор құлшыныс береді. "Жобаның ең ұтымды жағы концертте тірі дауыспен өнер көрсету, әрі сырттан келген музыканттарға қатысуға мүмкіндік берілетіні. Және бұл өте ұтымды. Маған қатты ұнады. Ең бастысы біз көрерменнің көңілін көтеру үшін ойнаймыз. Ал қалғаны маңызды емес", - деді Рябцев.

Еске саламыз, "На вершине Тенгри" қазан сессиясының жартылай финалы қазанның 24-і күні сағат 19.00-де Қазыбек би көшесіндегі 20-үйде, Қалдаяқов көшелерінің қиылысындағы Event City Hall залында (бұрынғы Синемабар) өтеді. Онда жартылайфиналға шыққан КуКумбер (Қараганды), Paradox (Алматы) мен Lamp Orchestra (Алматы) тобы финалға шығу үшін күш сынасады. Сахнаға олармен бірге рок-музыка аңызы "Крематорий" тобы да шығады.

Одан бөлек, осы сайыста финалға шыққандар қарашада өтетін кезекті сессияға қатысып, өзара сынға түседі. Ал қыркүйек, қазан және қарашада жеңіске жеткендер байқаудың 2014 желтоқсанда өткелі отырған финалына жолдама алмақ. "На вершине Тенгри" жобасындағы VI маусымының жеңімпазы 2015 жылы жазда өтетін ресейлік рок-фестивал сахнасына шығуға мүмкіндік алады.

"На вершине Тенгри" байқауы - еліміздегі жастар шығармашылығын қолдауға арналған ең ірі рок-жоба. Ол алғаш рет 2010 жылы Tengri FM радиостанциясының қолдауымен дүниеге келген. Жоба соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer