"На вершине Тенгри" жобасының қараша сессиясының екінші концертінде жартылай финалға шығу үшін төрт топ таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 8 қарашада Event City Hall (бұрынғы Cinemabar) сахнасында Angry Ants, The Blaze, Kod A және "Спасибо Незачто" ұжымдары өнер көрсетеді.
"На вершине Тенгри" жобасының қараша сессиясының екінші концертінде жартылай финалға шығу үшін төрт топ таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 8 қарашада Event City Hall (бұрынғы Cinemabar) сахнасында Angry Ants, The Blaze, Kod A және "Спасибо Незачто" ұжымдары өнер көрсетеді.
"Спасибо Незачто" тобының жетекшісі Алтай Ішмұхамедов музыканттар өз шығармашылығы арқылы жобаның дамуына, сонымен бірге музыкалық индустрияға үлес қосатынына үмітті. "Тыңдарман Tengri FM радиосын рок үшін ғана тыңдамайды, сонымен бірге радиостанция эфирінде коммерциялық және төленіп қойған әндердің жоқтығы ұнайды. Композицияларды талғамы жоғары адам қойып отыратыны сезіледі. Концертте дыбыс жақсы болатынына және біздің шығармашылық ұйымдастырушылар мен көпшілікке ұнайды деп ойлаймыз", - деді ол.
Ал The Blaze ұжымының музыканты Кирилл Бирюков "На вершине Тенгри" жобасы жас орындаушылардың өздерін, авторлық репертуарын көрсетуге мүмкіндік алады деп есептейді. "Біздіңше, музыканттар даму мүмкіндіктерін көріп, мінсіз болуға тырысып, өз еңбектерінің еш кетпейтінін білу үшін де, дарындар кәсіби музыканттардың көзіне түсу үшін де осындай жобалар қажет", - дейді музыкант.
Айта кетейік, "На вершине Тенгри" жобасы қарашадағы сессиясының концерттері 3 қарашада басталды. Ол кезде сахнаға Some Toir, The Moloty және "Эклектика" топтары шыққан болатын. Музыканттар барлық авторлық әндерін орындап, көпшілікке әсер сыйлады. Қазылар алқасының шешімімен жартылай финалған The Moloty тобы шықты.
Қарашадағы үш іріктеу кезеңінің жеңімпаздары (1, 8 және 12 қараша) 14 қараша күні "Конец фильма" тобымен бірге өнер көрсетеді. Топ көшбасшысы Евгений Феклистов толық музыкалық сет дайындайды да, сол кезде іріктеуден өткен музыканттармен бірге өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйектегі сессиясының финалдық концерті өткен болатын. Ресейдің "Агата Кристи" тобының бұрынғы фронтмені Глеб Самойловпен бірге қазақстандық iFly, "Алатау Jam" және Нadn't tea топтары акустикалық шығармалар орындады. Сессияның жеңімпазы деп, Hadn't tea тобы танылды. Ол желтоқсан айындағы финалына өтіп, жоба серіктесі - APM music Land музыкалық аспаптар дүкенінен 100 мың теңге сыйлыққа ие болды.
"На вершине Тенгри" байқауы - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылдан бастап ұйымдастырып келеді, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.